Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 27 маусымы – 1 шілдесі)

Теңге соңғы аптада АҚШ долларына қатысты 1.0%-ға – 466.44 теңгеге, рубльге қатысты 3.1%-ға – 8.56 теңгеге дейін нығайды (10.15-тен 15.30-ға дейінгі биржа сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің орташа бағамы). Бұл ретте маусым айында теңге долларға қатысты 13.4%-ға, ал рубльге қатысты 32.4%-ға әлсіресе, жыл басынан бері 8.0%-ға және 48.6%-ға әлсіреді.

Осы қарастырылып жатқан кезеңде отандық валюта нарығында маусымның ортасында теңге айтарлықтай әлсіреген соң, оның құбылмалылығы аздап төмендеді.

Өткен аптада USDKZT жұбы бойынша сауда көлемі бұрнағы аптамен салыстырғанда 14.5%-ға төмендеп (2022 жылдың орташа апталық сауда көлемімен салыстырғанда 19.6%-ға төмен), 482 млн долларды құрады. Маусымда KASE-де USDKZT жұбы бойынша жалпы сауда көлемі бұрнағы аймен салыстырғанда 3.3%-ға төмендеді.

Jusan Analytics ой-пікірі:

Теңгенің долларға қатысты бағамын 460 теңге деңгейінде сақтауға қатысты қысқа мерзімді әрекеттер нәтиже бермеді. Біз бағамға қатысты бағамызды бір доллар үшін 459-464 теңге көлемінде сақтаймыз. Теңге бағамы мұнай бағасының қымбаттылығына қарамастан, тұрақталып келеді. Атап өту керек, теңгенің ағымдағы ауытқуы сауда көлемінің төмендігіне байланысты өтіп жатыр. Ағымдағы көлем сақталған жағдайда ұсынысты қосымша көтеруге қатысты әрекеттер (депозиттерді конвертациялау, еңбек демалыстарының үлкен әсері) теңгені әлсірете түседі. Валюта нарығындағы мұндай ахуал алдағы үлкен салық аптасына немесе ҚРҰБ базалық мөлшерлемесінің ықтимал өсуіне дейін сақталуы мүмкін. Айта кетелік, теңгені әлсіретуде инфляцияның өсетіндігі туралы болжам және оның әрі қарай өсетіндігі бойынша деректер маңызды рөл атқарады.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Еженедельный обзор валютного рынка (27 июня – 1 июля 2022 года) Еженедельный обзор валютного рынка (27 июня – 1 июля 2022 года)
Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 27 маусымы - 1 шілдесі) Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 27 маусымы - 1 шілдесі)
Оқуды ұсынамыз
4 Сәуір 2023

4 Сәуір 2023

29 Наурыз 2023