Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 20-24 маусымы)

2022 жылдың 20-24 маусымы аралығында теңге долларға қатысты 5.12%-ға464.81 теңгеге дейін, ресейлік рубльге қатысты 9.49%-ға – 8.76 теңгеге дейін әлсіреді. Біздің пікірімізше, бағамның өзгеруі әдепкі қысқа мерзімді кезеңге қарағанда  (±5 п.т.) жоғары (0.12 п.т.-қа).

Бағамның бұлайша құлпыруы бағамның қалай болатындығы туралы жасалатын болжамдардың айқын еместігін және сұраныс пен ұсыныстың жаңа теңгерімінің қалыптасып келе жатқандығын білдіреді.

Өткен аптада USDKZT жұбы бойынша сауда көлемі оған дейінгі аптаға қарағанда 14.0%-ға өсіп, (2022 жылғы орташа апталық сауда көлемімен салыстырғанда 6.0%-ға төмендеді) 563.46 млн долларды  құрады.

Бұл ретте маусым айында KASE-де (ҚР Қор биржасында) USDKZT жұбының сауда көлемі май айына қарағанда 17.0%-ға төмендеді. Май айында сауда көлемінің жоғары болғандығын “үлкен салық аптасы” болғандығымен түсіндіруге болады. Яғни мұнда экспорттаушылар экспортқа салынатын рента салығы мен пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеу үшін түсім ақшаны сатады. Маусым айында валюта нарығында экспорттаушылардан мұндай белсенділік байқалмады.

Jusan Analytics пікірі:

Өткен аптада теңгенің әлсіреуі біздің пікірімізше жазғы еңбек демалыстары басталған соң, валютаға деген сұраныстың артуына, бұған дейін үзілген логистикалық тізбектер бойынша импорттық жеткізілімдердің қайта қалпына келуіне және жаңа импорттық тауар арналарының пайда болуына байланысты орын алды. Мұның барлығы өткен аймен салыстырғанда бірқалыпты валюта ұсыну аясында дивиденттердің бірреттік төлену факторымен сәйкес келді. Теңгені әрі қарай қолдауға мына факторлар ықпал етеді: мұнай бағасы, Ұлттық қордан алынған транферлерді конвертациялау және квазимемлекеттік сектор экспорттаушыларының валюталық түсімнің 75%-ын (ағымдағы жылдың соңына дейін) сатуға міндеттілігі. Егер бір реттік және маусымдық факторлардың ықпалын жоққа санайтын болсақ, бағам 1 доллар үшін 459-464 теңге деңгейінде тұрақталуы ықтимал.


Тақырып туралы толық мағлұматты төмендегі құжаттан оқыңыз

Еженедельный обзор валютного рынка (20-24 июня 2022 года) Еженедельный обзор валютного рынка (20-24 июня 2022 года)
Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 20-24 маусымы) Валюта нарығына апта сайынғы шолу (2022 жылдың 20-24 маусымы)
Оқуды ұсынамыз
4 апреля 2023

4 апреля 2023

29 марта 2023