Naryk.kz: Инфляция соңғы 20 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті

Бұл соңғы 20 жылдан астам уақыттан бергі ең жоғары көрсеткіш. Соңғы рет сандардың өсімі жылдық тұрғыда тек 2000 жылдың наурызында ғана жоғары болған еді – 20.6%. Жоғары инфляциямен күрес жолында Қазақстанның Ұлттық Банкі былтыр базалық мөлшерлемені 6 рет көтеруге мәжбүр болды. Сөйтіп ол барлығы 650 базалық пунктке жоғарылады. Соның нәтижесінде базалық мөлшерлеме 2016 жылғы деңгейіне жетті.

Желтоқсанның қорытындысы бойынша айлық инфляция біздің болжамнан төмен қалыптасып (1.2%), бәсеңдеуін жалғастырды. Бұл үрдіс 2022 жылдың қазанында байқалған еді.

Теңгенің ресейлік рубльге қатысты 16%-дан астамға нығаюы желтоқсанның қорытындысы бойынша тұтыну тауарларының бірқалыпты қымбаттауына септігін тигізді. Бұл бірқалыпты жағдайды тіпті Жаңа жыл қарсаңында шығындардың өсуі де өзгерте алған жоқ. Біз үшін сервистік инфляцияның серпіні күтпеген жағдай болды. Оның бәсеңдеуіне қарап, жалпы тұтыну бағалары деңгейінің не үшін болжамды көрсеткіштен төмен қалыптасқандығын түсінуге болады.

Дей тұрғанмен, бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеуі инфляция төмендеп жатыр дегенді емес, бағалардың бұрғынғыға қарағанда баяу өсіп жатқандығын ғана білдіреді.  Қалай болғанда да бұл, бағалардың беті сәл де болса бері қарай бастағанын білдіреді.

Айжан Әлибекова, Jusan Analytics зерттеу орталығының аға талдаушысы 

Ақпарат көзі: naryk.kz/news/infliacsia-songgy-20-jyldagy-eng-jogargy-korsetkishke-jetti

Оқуды ұсынамыз
17 марта 2023

16 марта 2023

7 февраля 2023