Naryk.kz: оңтүстікте әйелдердің жалақысы ерлердікінен көп

Гендерлік теңдік қазіргі уақытта адамзаттың тұрақты дамуының басты шарттарының біріне айналды. Осы ретте Қазақстанда оның мән-жайы қалай болып жатыр?

Jusan Analytics командасы бірінші кезекте елімізде әйелдер мен ер азаматтардың жалақыларында қандай айырмашылық бар екендігін тексеріп көруді ұйғарды.

«Ресми статистика бойынша 2022 жылы жалақылардағы алшақтық қысқарып, орта есеппен 18.5% болды (одан бір жыл бұрын – 21.7% болған еді). Қазір жұмыспен толық қамтылған ерлердің орташа жалақысы 299 605 теңгені құрайды (өткен жылмен салыстырғанда +6.5%-ға жоғары), ал әйелдерде – 244 276 теңге (+11.0%-ға жоғары)», дейді аға талдаушы Клара Сейдахметова.

Оның айтуынша Қазақстанның тек 3 өңірінде: Жамбыл (6.31%-ға), Солтүстік Қазақстан (5.91%-ға) және Түркістан (0.45%-ға) облыстарында ғана әйелдердің жалақылары ерлерге қарағанда жоғары екен.

Бұл ретте ерлердің пайдасына қарай ең үлкен айырмашылық Атырау (41.08%-ға), Маңғыстау (37.07%-ға) және Қарағанды (29.9%-ға) облыстарында байқалып отыр.

Арнайы инфографикада көрсетілгеніндей, әйелдер мен ерлердің жалақыларындағы айырмашылықты экономикалық қызметтің түрлері бойынша қарайтын болсақ, ол әр түрлі: ең үлкен айырмашылық қаржы және сақтандыру саласында байқалады. Мұнда ер азаматтардың жалақылары 33.46%-ға жоғары. Одан кейінгі орындарда өңдеуші өнеркәсіп (17.51%-ға), сондай-ақ көлік және қоймалау (16.59%-ға жоғары).

«Осы ретте экономиканың жалғыз секторы – білім саласында ғана әйелдердің жалақылары ерлерге қарағанда жоғары. Айырмашылық қазіргі уақытта 5.68%-ды құрайды», деді К. Сейдахметова.

Ақпарат көзі: naryk.kz/news/ongtustikte-aielderding-jalaqysy-erlerdikinen-kop

Рекомендуем почитать
17 марта 2023

16 марта 2023

7 февраля 2023