Naryk.kz: Қазақстанда неге қант тапшылығы пайда болды?

Қант құрағы мен қант қызылшасы – қант өндірісінің негізгі шикізаттары. Бұл дақылдардың құрамында қанттың мөлшері шамамен бірдей – 16-20%-ды құрайды. Қант қызылшасын әлемнің 62 елі өсіреді. Негізгі өндірушілер – Еуропа елдері. Көшбасшысы – Ресей. Ал қант құрағын әлемнің 94 елі өсіреді. Негізгі өндірушілер – субтропикалық климат (жазы ыстық, қысы қоңыр салқын) елдері. Көшбасшысы – Бразилия. Әлемде қант құрағы қант қызылшасына қарағанды 7 есе дерлік көп өндіріледі, деп жазады Jusan Analytics.

Бұл ретте бүкіл қант өндірісінде шикізат мөлшері былайша үйлестірілген: қант құрағы 80%-ды, ал қант қызылшасы 20%-ды құрайды. Мұндай айырмашылық өсіру әдістері мен қайта өңдеуге байланысты қалыптасқан.

Қант құрағы – көпжылдық өсімдік. Оны жыл бойы жинауға болады. Бірақ бір ерекшелігі, оны жинаған соң, бірнеше сағат ішінде қайта өңдеп үлгеру қажет. Сол себептен де тиісті зауыттар егістік алқаптарға жақын жерге салынады.

Қант қызылшасын жинау науқаны маусымдық сипатқа ие және оны сақтау уақыты шектеулі. Сәйкесінше зауыттар қызылша жинау маусымында ғана толық қуатында жұмыс істейді. Қалған уақытта зауыттар тоқтап тұрады немесе қант-шикізатын қайта өңдейді.

Қазақстандағы қант өндірісі

Отандық қант өндірісін екі санатқа бөліп қарауға болады:

– жергілікті шикізаттан өндіру – қант қызылшасы өнімі 460-500 мың тоннаны құрайды. Одан 50-75 мың тонна қант алынады.

– импортты шикі-қанттан өндіру – өнім әрқалай мерзімдерде шамамен 250-400 мың тоннаны құрайды. Қазақстанда 2016 жылға дейін негізінен осылай өндірілді.

 

Жергілікті шикізаттан өндірілетін қант – қажеттіліктің 10%-ын ғана қамтамасыз етеді;

Өңдеу үшін жеткізілетін шикі-қант көлемінің мардымсыздығы. Оны импорттау 2016 жылдан бастап жоспарлы түрде қысқартылды;

Ресейден жеткізілетін дайын қантқа аса тәуелділік. Қазір Ресейде қант өндірісі мемлекет тарапынан реттеледі және оны сатып алу үшін арнайы рұқсат керек.

Қантты ел ішінде тұтыну көлемі жылына 500-550 мың тоннаны құрайды. 2020 жылдың соңына қарай елімізде құрақтық шикі-қант бойынша өндіру қуаты 360 мың тоннаны, ал қант қызылшасы бойынша 83 мың тоннаны құрады.

Тұтынудың басым бөлігі импорт есебінен қанағаттандырылады. Отандық зауыттар ұзақ жылдар бойы өндіріске шикізат ретінде құрақты шикі-қантты пайдаланып келді. Алайда 2016 жылдан бастап дайын өнімдерді импорттау көлемі артып, отандық өндіріс қысқара бастады. Қазір импорттық шикізатты жеткізу қысқарған шақта отандық өндірістің жеткіліксіздігі айқын байқалуда.

Қазақстан құрақты шикі-қантты Бразилиядан АҚШ долларына сатып алады. Ал дайын қант негізінен Ресейден жеткізіледі. Рубльмен сатып алынуы мүмкін (өйткені Ресейден жеткізілетін импорттық өнімдердің шамамен 70%-ы рубльге сатып алынады). Бұл ретте шикі-қантты қосымша қаражат және уақыт жұмсап өндіру қажет болса, дайын қантты бірден сатылымға шығаруға болады.

Тарихи тұрғыдан алып қарағанда теңгенің рубльге қатысты тұрақты бағамын (оң жақтағы графика) ескерсек, шикі-қант (сол жақтағы графика) пен дайын қанттың бағаларындағы айырмашылықтың қысқарғаны Ресейден дайын қантты импоттаудың айтарлықтай өсуіне әкеп соқты. Сәйкесінше басқа елдерден қант импорттау қысқарды.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда қанттың тапшылығы мына факторлардың себебінен орын алып отыр:

Елімізде қант өңдеу үшін жеткізілетін шикізат көлемін тез арада арттыру қиын. Өйткені негізгі өндіруші елдер америкалық құрлықта орналасқан. Теңіз көлігімен жеткізу, басқадай жағдайлар тең болғанда бірнеше айға созылуы ықтимал.

Әрі қарай не болады?

Таяуда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) сайтында 2022 жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде қантты баж салығынсыз енгізу түрінде тарифтік жеңілдік беру туралы хабарлама пайда болды. Онда Армения Республикасына 60 мың тоннадан аспайтын көлемде, Беларусь Республикасына 100 мың тоннадан аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасына 250 мың тоннадан аспайтын көлемде, Қырғыз Республикасына 70 мың тоннадан аспайтын көлемде, Ресей Федерациясына 300 мың тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін қант – кедендік әкелім бажынан босатылатындығы көрсетілген.

Бұл шара ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің ішкі нарығын қантпен қамтамасыз ету мәселесін уақытша шешуі мүмкін. Бұл әрине, импортты қайта бағдарлау аясында шикі-қантты жеткізу бойынша келісім-шарттар жасасып алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Алайда алдағы 2-3 апта барысында қант тапшылығы әлі де қатты сезілетін болады. Осы уақыт ішінде қант жеткізуді жолға қойып, отандық зауыттардың өндірістік қуатын арттыру қажет.

Ақпарат көзі: naryk.kz/news/qazaqstanda-nege-qant-tapshylygy-paida-boldy

Рекомендуем почитать
17 марта 2023

16 марта 2023

7 февраля 2023