Еліміздің үш өңірінде әйелдер еркектерге қарағанда көбірек табыс табады екен. Jusan Analytics-тің мәліметінше, Жамбыл облысында қыз-келіншектердің жалақысы ерлердікіне қарағанда – 6,30 пайыз жоғары болса, Солтүстік Қазақстанда – 5,91 пайыз жоғары. Сондай-ақ Түркістан өңіріндегі әйелдердің табысы еркектердің табысынан – 0,45 пайыз көп. Жалпы соңғы жылы елде ер азаматтар мен әйелдер табысындағы айырмашылық қысқарған. Мәселен бұл көрсеткіш 2021 жылы 21,7 пайыз болса, 2022 жылы 18,5 пайызға түскен. Әсіресе білім саласында еркектерге қарағанда әйелдерге көп жалақы төленеді. Ал керісінше қаржы және сақтандыру, өнеркәсіп, көлік, сауда тау-кен өндірісі салаларындағы ер азаматтар әйелдерге қарағанда жоғары жалақы алады.
Ақпарат көзі: www.youtube.com