Әйелдер білім саласында ғана ерлерден артығырақ жалақы алады.
Қазақстанда ерлер мен әйелдердің жалақысындағы айырмашылық қысқарып келеді, деп хабарлады Jusan Analytics.
Ресми статистика бойынша, 2022 жылы ерлер мен әйелдердің жалақысындағы алшақтық орта есеппен 18,5% болды (одан бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 21,7%).
“Қазір жұмыспен толық қамтылған ерлердің орташа жалақысы 299 605 теңгені құраса (өткен жылмен салыстырғанда +6.5%-ға жоғары), ал әйелдерде – 244 276 теңге (+11.0%-ға жоғары)”, – дейді аға талдаушы Клара Сейдахметова.
Оның айтуынша, Қазақстанның тек 3 өңірінде әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда жоғары:
- Жамбыл облысы (6,31%-ға):
- Солтүстік Қазақстан облысы (5,91%-ға):
- Түркістан облысы (0,45%-ға).
Ал ерлер әйелдерге қарағанда ең көбірек жалақы алатын өңірлер келесілер:
- Атырау облысы (41,08%-ға);
- Маңғыстау облысы (37,07%-ға);
- Қарағанды облысы (29,9%-ға) жоғары.
“Білім саласында ғана әйелдердің жалақысы ерлерге қарағанда жоғары. Айырмашылық – 5.68%-ды құрайды”, – дейді Клара Сейдахметова.
Ақпарат көзі: informburo.kz/kaz/newskaz/sqo-turkistan-zambyl-oblystarynda-aielder-erlerden-artyq-tabys-tabady